Тақпақтар

11.04.2008

Тақпақтар:


 

Айгөлек

1. Айгөлек ау айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп

2.Айгөлек ау айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек

Күндей нұрлы шағымда

Күнге жетем өрмелеп

халық өлеңі.


 

Кішкентай

Біз кішкентай балдырған

Сескенбейміз жаңбырдан

Төбемізде қол шатыр

Алдымызда жол жатыр

Мүзафар Әлімбаев


 

Күсшік, мысық, балапан,

Қуыршағым - балақан.

Кәне, бәрің тұрыңдар,

Ойын-сауыө құрыңдар.

Е.Өтетілеуұлы.

 


Бақа, Бақа

 

-Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

-Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

-Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

-Қырдан алыс көп қарап,

Көзім содан тостақ

-Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талтақ?

-Көп отардым ерініп,

Бұтым содан талтақ.

Халық өлеңі.


Ойыншықтарым көп менің.

Түймемді өзім қадаймын.

Жуып жеймін үнемі,

Алма, алмұрт, шиені,

Суды жақсы көремін,

Қашанда таза жүремін.

Қ. Байғабылова.


Бес саусақ

Бас бармағым - атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.

Ортан терек - әкем, отау панасы.

Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары.

Титтей - бөбек - мен, бәрінің базары.

 


Апта

 

Жеті күнім- бір Апта:

Жету үшін мұратқа,

Апта бойы құр жатпай,

Алға қарай бір атта!

 


 

Бауырсақ

Нәйім-нәйім баырсақ.

Ағын суға шомылсақ.

Жағасында гүл теріп,

Көбелектей жүгірсек.

 


 

Аю

Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

А-дейді, Б-дейді.

Р-ға тілі келмейді.


Қоян

Қоян, қоян тұршы.

Беті қалыңды жушы.

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы.

 


Санамақ

 

Бір-дегенім, білеу.

Екі - дегенім, егеу.

Үш - дегенім, үскіл.

Төрт - дегенім төсек.

Бес - дегенім бесік.

Алты - дегенім, асық.

Жеті - дегенім, желке.

Сегіз - дегенім серке.

Тоғыз - дегенім торқа.

Он дегенім - оймақ.

Он бір- қара жұмбақ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа мәлімет

Жақында сайт жаңа мәліметтермен толығады

Өзің жаса

Балаларға базарлық.

Жұмбақтар
Балаларға базарлық

Фотосуреттер

Балаларға базарлық

Жаңылтпаштар
Балаларға базарлық