Жаңылтпаштар

Загрузка ...

ӘЛІПБИ

А-Я

Жаңылтпаштар А Арқада алты арқар бар, Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар. Ә Әбдіреде әбігер әтеш отыр. Әбігер әтеш отырған Әбдірені әжем ашып жатыр. Б Бала бал арасын қуалады, Бал арасы баланы қуалады. Мұзафар Әлімбаев. В Вова Васяның вагон ойыншығын алып, Васяға вагон ойыншығын Вова бермеді. Г Гүлім гүлге қарап күлімдеді, Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді. Ғ Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ғарышқа ұшты ғарышкер. Айтшы, ғарыш алыс па? Д Доп деп, Дөп теп. Е Ескекті ескекші еседі, Ескекші ескекті еседі. Мұзафар Әлімбаев. Ё Щётканы Сёма сатып алды. Серёжа мен Лёва оны тартып алды. Ж Жаға жай, Жағажайда - Қамажай. З Зура зурнада ойнайды, Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме, Зара да, Зере де зурнада ойнайды. Мұзафар Әлімбаев. И Инелік илеуде иленбейді. Итбалық итмұрынды иіскемейді. Й Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай. Х Хан баласы ханзада Болды ғашық ханшаға. Алып ханнан хабар, Ханшайымж\ды табар. Һ Қаһарлы айдаһар Шаһарға келіп, Қаһарланар. Ц Циркте ойнар аюды Циркаш десем, күлесің. "Ц" әріпінен басталған Цемент сөзін білесің. Ч Сатып алды чемпион чемодан. Чемодан алған чемпион чек алған. Ш Шынтемір Шықпен шыланған шөпке Шыңдалған шалғысын шық еткізді. Мұзафар Әлімбаев. Щ Ащы жеген Тазша баланың аузы ашыды, Тазша бала тұщы сумен аузын шайды. Ъ Съезд, разъезд, подъезд. Подъезд, съезд, разъезд. Жаттап ал тез. Ы Ықылас пен Ыбырай Ыдыстарын тасымай, Ырыскүлден үлгі алмай, Ынтасыз жүр тілді алмай. І Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім, Неше кіші ішік піштім? Іске тіл ілесе алады, Тілге іс ілесе алмайды. Мұзафар Әлімбаев. Ь Сұрап Мұрат Коньки тап. Байлап майлап, Аттай шап. Э Электр шамы жанады, Этаждар жымың қағады. Электр жарық бермесе, Экран сөніп қалады. Ю Юра Юля ойшылы, Юла Юляның ойыншығы. Я Ян-ян-ян Жүгіріп жүр қоян. Ян-ян-ян Бұл қоян емес, шаян!