Жұмбақтар
27.04.2008
Жұмбақтар
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
(Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)
Әшейінде жекесің,
Қарай қалсаң екеусің.
(Айна)
|
Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Түйе) |
Көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді. (Түтін) |
|
Тастамайды бір елі, Үйін сүйреп жүреді. (Тасбақа) |
Жеке өзін жей алмайсың, Онсыз асты аузыңа салмайсың (Тұз) |
|
Телеграф бағаны деп қаласың, Насосқа ұқсастығын табасың. (Т) |